Шымкентте көпқабатты үйден өрт шықты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын бесінші қабаттағы пәтердің балконына өтіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама кеше сағат 21:48-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері төртінші қабаттағы пәтердің ішінде үй заттары мен балконы өртке оранғанын анықтады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 23 адам және 6 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, жалынды толықтай сөндірген.
«Жалпы, өрттің көлемі 21 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өртті 22:04-те оқшаулап, сағат 22:12-де толығымен сөндірді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.
- Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр
- Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
- Оралда көпқабатты үйдегі өрттен 14 адам эвакуацияланды
- Нью-Йоркте апатқа ұшыраған автобус эстакадаға ілініп қалды
-
Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды
-
ШҚО полицейлері заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам