Шымкентте көпқабатты үйден құлаған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты үйден құлаған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК -нің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайы анықтауда. Сотқа дейінгі тергеп - тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, қайғылы жағдай бүгін күндізгі сағат 12-00-дер шамасында қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған еді. Шамамен 45 жастағы әйел 12 қабаттан секіріп, мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, марқұм үйдің 12-ші қабатындағы балконда біраз уақыт отырған. Кейіннен секіріп кеткен.

Жергілікті тұрғындарының сөзінше, бақилық болған әйел бұл үйде тұрмаған. Оның соңында қалған заттардың ішінен беймәлім сұйықтық құйылған канистр табылған.

Соңғы жаңалықтар