Шымкентте көпқабатты үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 09:47 шамасында болды. Республика даңғылы бойында орналасқан №35 көпқабатты тұрғын үйдің 3-інші және 4-қабаттарында өрт шықты.

«Оқиға орнына алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімдері үйдің сыртқы пластик қаптамалары жанып жатқанын анықтады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер 35 адамды қауіпсіз жерге шығарып, екі адамды құтқарды» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар