+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте көпірден секіріп кетпек болған әйел құтқарылды

2020 жылғы 2 шілде 15:10
Бөлісіңіз:
Шымкентте көпірден секіріп кетпек болған әйел құтқарылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық полиция қызметкерлері көпірден секіріп кетпек болған әйел адамды дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті Қызылордада каналға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

19 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері А.Төртбай, М.Бектас, Б.Әбдікәрімов, Н.Себаев шақырту бойынша оқиға орнына бара жатқан. Сол уақытта Қапал батыр көпірінің үстінен секірейін деп тұрған белгісіз әйел адамды байқап қалады. Полиция қызметкерлері тез әрекет етіп, оның жанына барды. Полицейлердің біреуі әйелді сөзге тартып тұрғанда, қалған үш полицей оны көпірден тартып, түсіріп алды. Осылайша, тәртіп сақшылары бір адамның өмірін сақтап қалды. Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркелді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT