Шымкентте көпбалалы аналарға қызмет көрсететін орталықтар ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпбалалы аналарға қызмет көрсететін орталықтар ашылды. Бөлімшелер қаланың төрт ауданында құжаттар қабылдап, рәсімдейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова жаңа орталықтарда болып, аналармен жүздесті. Оларды мазалаған мәселелермен танысып, сауалдарына жауап берді.
null

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 30 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады. Енді олар аталған орталықтарда жан-жақты қызметтер ала алады. Мұнда тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Қазір аналарға мемлекет тарапынан әр балаға берілетін 21 мың теңге бойынша құжат тапсыру барысы түсіндірілуде. Ал, 1-30 сәуір аралығында әлеуметтік көмек алу бойынша құжат қабылдау басталмақ.
null null null

Соңғы жаңалықтар