Шымкентте көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Үшінші мегаполисте көпбалалы аналар саны 31 мыңнан асады. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылғы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһар басшысының мәліметінше, көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін бюджеттен арнайы субсидия бөлінеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл - аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөлеміз», - деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.

null

Айта кету керек, биыл қоғамдық көлікті жаңарту үшін Шымкентте 1 мың отандық автобус сатып алынады.

Соңғы жаңалықтар