Шымкентте көпбалалы әке көпірден секірмек болды
2022 жылғы 23 маусым 11:26

Шымкентте көпбалалы әке көпірден секірмек болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте отбасындағы кикілжіңнен соң көпбалалы әке көпірден секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз-өзіне қол салуға оқталған ер адамның әрекеті Шымкент қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Ер адам Рысқұлов - Қонаев көшелерінің қиылысындағы көпірден секірмек болғанын байқаған тәртіп сақшылары бірден патрульдік полиция полкінің жақын маңдағы экипажына хабар берген. Кезекші инспекторлар оқиға орнына 3 минутта жеткен. Полиция майоры Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов ер адамның назарын аударып, сөзге тартқан. Кейін қолайлы сәт туындағанда оның қолынан ұстап, қауіпсіз жерге алып шыққан.

«Болған оқиға полиция қызметкерлерінің бейнеожетондарына жазылған. Көпбалалы әке отбасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз-өзіне қол салмақ болған. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT