Шымкентте коммуналдық қызмет тарифтері қайта қаралмақ

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте коммуналдық қызметтердің тарифтері жыл соңына дейін қайта қаралады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен жиналыста сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда қала басшысы Ғабидулла Әбдірахымов монополистерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тарифтерді төмендетуге шақырды.

Ал, монополияға қарсы ведомство директоры қазір монополистердің барлық тарифтерді қайта қараумен айналысып жатқанын әрі алғашқы оң нәтижелер де бар екенін атап өтті.

Мәселен, монополистің өтініміне қарамастан, жылу тарифі өзгеріссіз қалған. Энергетиктер болса  соңғы тарифке сатып алу құны әсер ететінін айтады. Егер бұл мәселе  қайта қаралатын болса, онда түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясының тарифін де қарау керек болады. Мұндай пікірді газбен қамтамасыз етуші ұйымның басшысы да ұстануда. Жарық беруші мекеме мамандарының айтуынша, электр энергиясына тарифтің ел пайызын сатып алу бағасы құрайды. Газға келетін болсақ, тариф бойынша 1 текше метр үшін 34,4 теңге,  сатып алу құны 24, 245 теңгені құрайды. Өз кезегінде су шаруашылығы компаниясының басшысы Анарбек Орман судың ең жоғары тарифі  Шымкентте екендігімен келіседі. Ол Мемлекет басшысының пікірін ескере отырып, тарифті қайта қарауға дайын екендігін хабарлады.

Жиында Шымкент қаласының әкімі  монополистерге Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі идеяларын қолдауға әзір екендігін ескеріп, алғыс білдірді. 

Монополистерді  шымкенттік кәсіпкерлер жасаған және жоспарлап отырған қызметкерлердің жалақысын арттыруға шақырды. Шаһар басшысы сондай-ақ, жол ақысы бағасының  жолаушылар тасымалының нақты шығынынан әлдеқайда төмен екенін, дегенмен шым қалада  жол жүру тарифі көтерілмейтінін атап өтті. Әкімнің айтуынша,  бұл бағытта екі мәселенің  бірін пайдалануды жоспарлап отыр. Біріншісі-дотация, екіншісі - Шымкент тұрғындарының әлеуметтік картасы болмақ.

Соңғы жаңалықтар