+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шымкентте қоқыстан табылған нәресте оқиғасы: 1996 жылғы әйел полицияға жеткізілді

2021 жылғы 19 қазан 09:40
Бөлісіңіз:
Шымкентте қоқыстан табылған нәресте оқиғасы: 1996 жылғы әйел полицияға жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қоқыс арасынан табылған нәрестенің анасы 1996 жылы туған әйел болуы ықтимал. Әйел адам поицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды Алматы дәрігерлері салмағы 530 грамм баланы аман алып қалды Ақтөбеде жоғалған геологтар аман-есен табылды

Кеше, яғни 18 қазан күні полицияға Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазалау барысында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері жаңа туған баланың мәйіті бар пакет тапқаны туралы хабарлама түскені туралы жазған болатынбыз.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында 1996 жылы туылған күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.

«ҚР ҚПК-гің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және оны қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT