Шымкентте қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатыла бастады

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл пилоттық жоба алғаш рет Қаратау ауданы аумағында жүзеге асып отыр. Мұнда қойылған контейнерлерде 8 көпқабатты тұрғын үйдің тұрмыстық қалдығы сұрыпталады. Бұл бағытта алғашқыда арнайы бір қызметкер жұмыс істейді. Ол темір, пластик заттар мен шыны, қағаз және тамақ қалдықтарын бөліп отырады. Кейін тұрғындардың қалдықты сұрыптап тастау мәдениеті қалыптасқан соң, жоба өздігінен іске қосылады.

Әзірге инвестор «DE support» мекемесі тұрмыстық қалдықтарға арналған 5 түрлі контейнер орнатқан. Ал, келесі айда қаладағы 15 орынға жаңа контейнерлерді орнату жоспарланып отыр.

«Бұл бағыттағы жобалар өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлуге шақырады. Тұрғындар арнайы контейнерлерге қосымша ақы төлемейді. Инвестор ретімен жиналған қалдықтарды қайта өңдеу үшін кәсіпорындарға өткізіп, пайда табады» - делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі




Соңғы жаңалықтар