Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны жылдағыдан ерте басталды

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны жылдағыдан  ерте  басталды. Азаматтарды сарбаз сапына қосатын бұйрық биыл сәуірдің бірінде емес, наурыздың ортасында шыққан. 

Осыған орай Шымкентте әскер қатарына алынатын азаматтарға қорғаныс басқармасы тарапынан шақыртулар беріліп  жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкент қалалық қорғаныс басқармасы 400-ге жуық азаматты әскер қатарына аттандырмақ. Әскерге шақырылғандар сондай-ақ 14 түрлі медициналық тексеруден өтіп жатыр. Десе де мамандар биыл болашақ сарбаздарды іріктеу барысында салмаққа байланысты түйткілдер көбейгенін айтады. Бірінің салмағы аз болса, енді бірі артық салмақтан зардап шегеді екен.

«Жалпы алатын болсақ, көздің нашар көруі, аяқтың жалпақтабандығы көп кездесіп жатыр. Тепсе темір үзетін жігіттердің ішінде жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққандар да жетерлік. Оның барлығын біз тексеріп жатырмыз»,- дейді дәрігер Күләнда Қылышбаева.

Өткен аптада басталған жұмыс енді маусым айына дейін жалғасады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар