+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті

2019 жылғы 10 желтоқсан 18:16
Бөлісіңіз:
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті. Тәуелсіздік күніне арналған шара Шымкент қаласының және Түркістан облысының кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында ұйым бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, жылы лебізін білдіріп өтті. Көк байрағымызды қастерлеп, ардақ тұтуға шақырды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айында әлеуметтік желілерде бастау алған акцияға белсенді атсалысқан патриот азаматтарға арнайы диплом мен төсбелгілерін табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов пен бейнелеу өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов, ақын Дәурен Айманбет пен «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері Қайрат Карибаев, Ақмарал Молдиярқызы бар.
Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара филармония өнерпаздарының концертімен жалғасты. Айта кетейік, «Көк тудың желбірегені эстафетасы» патриоттық акциясында білім, денсаулық, мәдениет салаларының қызметкерлері белсенділік танытқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT