Шымкентте қоғамдық көліктер соқтығысынан жолаушылар терезеден ұшып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте жолаушылар автобусы мен адам лық толы шағын қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды Оtyrar.kz .

Жойқын жол апаты 1 ақпан күні шамамен 19:00-де Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында болған. №93 бағыттағы автобус пен №77 бағыттағы жолаушылар «ГАЗелі» соқтығысқан жол апатынан зардап шеккендер саны көп.
 

Жан түршігерлік жол-көлік апатын көрген куәгерлердің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігі жеті жолаушыны Шымкент ауруханаларына алып кеткен. Және куәгерлер соқтығысу кезінде жолаушылардың терезеден ұшып кеткенін айтуда. Жол-көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр. 
 

Фото: Ернар Балабековтікі, https://otyrar.kz

Соңғы жаңалықтар