Шымкентте қоғамдық көліктер паркі 39 жаңа автобуспен толықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Шымкент қаласына жаңа автобустар жеткізіліп, қаланың қоғамдық қызмет көрсету саласы 39 жолаушы тасымалдайтын көлікпен толықты. Жаңа дизайнды автобустар қаланың шалғай аудандарына әлеуметтік маңызды бағыттармен жүретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала мамандарының мәліметінше, қоғамдық көліктер «Евро 5» санатына жатады. «Ютонг» маркалы бұл автобустардың сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте күнделікті 1151 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның басым бөлігі 7 жылдан бері бағыттарда жүр.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, өткен жылы қалаға 41 жаңа автобустар әкелінген болатын.

Соңғы жаңалықтар