Шымкентте «Қоғамдық келісім» ККМ бұрынғы директорына қатысты үкім шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы М-ге және сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот отырысында сотталушылар М. және Ж. өздеріне аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алғандары анықталды.

Сот үкімімен сотталушы М. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Сотталған Ж. Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептелді.

Сотталған М.-нен «Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің пайдасына 29 597 551 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар