+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Шымкентте қоғамдық келісім кеңесінің тиімділігін арттыру жайы талқыланды

2019 жылғы 11 желтоқсан 12:53
Бөлісіңіз:
Шымкентте қоғамдық келісім кеңесінің тиімділігін арттыру жайы талқыланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жансейіт Түймебаев: Қазақстан халқы Ассамблеясы - азаматтық қоғамды дамытудағы жарқын мысал Қоғамдық келісім кеңестерінің әлеуетін әлеуметтің әл-ауқатын көтеруге жұмсау керек Жолдауды іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы да белсене қатысады - Жансейіт Түймебаев

Қаратау және әл-Фараби аудандарында ұйымдастырылған практикалық семинарға қалалық ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов және аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес барысында қоғамдық келісімді сақтау арқылы ел бірлігін бекемдеуді көздейтін кеңестің функциялары мен жұмыс бағыты, міндеттері жан-жақты сараланды. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жайы талқыланды. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат тақырыптарында сөз сөйлеген спикерлер кеңестердің қызметін қорытындылап, үздік тәжірибелерді аудандық кеңестер деңгейінде қолданысқа енгізу бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, өткен жылы қалалық ҚХА жанынан консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған кеңестердің құрамына жүзге тарта белсенді тұрғындар мүшелікке қабылданған болатын. Олардың қатарында елге танымал ақсақалдар мен кәсіпкерлер, этнос көшбасшылары мен мәслихат депутаттары және басқалар бар.

Бүгінге дейін кеңес отырыстарында құрылыс саласында бюджетті тиімді пайдалану, медиаторлардың жұмысын жүйелендіру, қаладағы тұрғын үй құрылысы, Арыс қаласы тұрғындарына көмек беру мақсатында ҚХА жанынан құрылған штабтың қызметі, қала сыртындағы тұрғын алаптарда көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейі мен сапасы сынды мәселелер қаралды.

Кеңес мүшелері мемлекеттік саясатты түсіндіру және жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде 135 кездесу өткізіп, этностар тұратын шағынаудандар мен тұрғын алаптарда мақсатты жұмыстар жүргізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT