+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәби шұғыл Алматыға жеткізілді

2019 жылғы 3 сәуір 19:49
Бөлісіңіз:
Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәби шұғыл Алматыға жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәби санавиациямен Алматыға жеткізілді. Ем қабылдауға барған бала Ғылыми педиатрия және балалар хирургия орталығына жатқызылған. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз хатшысының сөзінше, 10 айлық сәбиді Алматыға ауыстыру мәселесі анасының өтініші бойынша шешілген.

«Баланың ішкі ағзаларын толық тексеру үшін он күндей уақыт керек болған. Себебі, ішектегі күйіктің орны жазылмайынша оны УДЗ аппаратымен көру қиындық туғызады. Дегенмен, Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері тиісті емдік шараларын жасап, алғашқы көмекті көрсетті. Соған қарамастан анасы ем-домды Алматыда жасаса деген өтінішін білдірді. Осыдан кейін балаға жолдама дайындалып, санитарлық авиациямен Алматыға ауыстырылды. Дәрігерлер ондағы әріптестерімен байланысып отыр. Бала аман-есен сондағы орталыққа жеткізіліп, жатқызылды»,- деді Мира Сүлейменова.

Айта кетейік, Шымкентте қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының мпедбикелері ем қабылдап жатқан баланың тік ішегіне ыстық су жіберіп, күйдіріп қойған болатын. Салдарынан нәресте аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Осыдан кейін ауруханада жаппай тексеру шаралары жүргізіліп, екі медбике мен аға медбике уақытша жұмыстан шеттетілді. Сала мамандары балаға клизма 50-60 градус ыстық сумен жасалғанын анықтап, термиялық күйік шалғанын растады. Қалада балалардың күйік бөлімшесі болмауына байланысты науқас облыстық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылған болатын.

Сондай-ақ, бұл жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Оқиға, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT