Шымкентте келер жылы 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған - Ерлан Айтаханов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында инвесторларды қолдау және даму жобаларын тиімді іске асыру мақсатында жлбалық кеңсе құрылғанын атап өтті. Аталған жоба елімізде авторлық әдістемесі бар «Евни групп» консалтингтік ұйымымен бірлесіп енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының сөзінше, аталған жоба 4 базалық бағыт бойынша жүзеге асырылады. Яғни, «адами капитал», «инфрақұрылымды дамыту», «кәсіпкерлік, индустрия және агроөнеркәсіп», «мемлекеттік қызмет» салалары бойынша құны 213 млрд теңгеге 387 жобаны тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде келесі жылы 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Келесі жылы аумағы 306 гектар жерге 3-ші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 20 млрд теңгеге 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге асыруға инвесторлар ниет білдірді. Бұл жобалар тамақ, құрылыс және металлургия, медицина, машина жасау салаларына қатысты»,- деді Ерлан Айтаханов.






Соңғы жаңалықтар