Шымкентте «Қазына» этно-тарихи кешені ашылды (ФОТО)

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының жаңа ауданында «Қазына» этно-тарихи кешені ашылды.

Жаңа кешеннің ауданы 75 гектар жерді құрайды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. «Бәйдібек би» ескерткіші, «Наурыз» алаңы, тарих-өлкетану мұражайы, дәстүрлер мен салттар орталығы, ипподром енді бірыңғай сәулет ансамбліне біріктірілді. Этносаябақта аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің 27 макеті орнатылған, ал орталықта диаметрі 21 метр болатын түрлі-түсті субұрқақ қойылған.

Этно-тарихи кешенде Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне салынған нысан тұр. Ескерткіштің биіктігі 15 метрді құрайды, ол қазақ ұлттық оюлары салынған өрілген екі аркадан тұрады. Ескерткіштің ортасында биіктігі 10 метр, ені 8 метрді құраған пирамидалық композиция орнатылды. Пирамиданың шетінде қазақ хандығының барельефтік композициясы мен «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл ұлттық тарихты ұлықтау мен бүгінгі жетістіктерді лайықты бағалау. Н.Ә.Назарбаев» және т.б. сөздер ойылып жазылған.

«Жайлаукөл» көлінің жағалауындағы ескерткіштің қасында қазақ ауылы орын тепкен. Жағалаудағы демалыс аймағының аумағы 15 гектарды құрайды. Мұнда 4 ротонда орнатылып, қайық стансасы, көлік тұрағы жабдықталған. Бұл этно-тарихи кешен қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар