Шымкентте Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Бүгін Шымкентте алғаш рет бірлескен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы басталды. Өңірге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға бағытталған үш күндік шараға 200-ге жуық түркиялық делегат пен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   

 Форумға түрік елінен келген делегаттар құрамын Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мен Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмездер бастап келді. Сонымен қатар Анкара қаласы мэрінің кеңесшілері Рамазан Кабасакал, Мехмед Али Арслан және Сакария провинциясының сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Маһмуд Косемусул және денсаулық сақтау, экономика министрлігінің өкілдері мен кәсіпкерлер сынды жауапты тұлғалар да алқалы жиынға қатысты. Ал, Қазақстан тарапынан форум жұмысына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев және осы салаға қатысты жауапты жетекшілер мен кәсіпкерлер болды.

null  

Алқалы жиында түркиялық инвесторларға өңір экономикасы мен инвестициялық ахуалы және инвестицияларға қатысты ҚР-ның мемлекеттік бағдарламалары таныстырылды. Сондай-ақ, мұнда екі жақты іскерлік топтар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, нығайтатын іскерлік бағдарлама ретінде В2В кездесулерге басымдық берілетін болады.

Оңтүстік өңіріне арнайы келген түрік кәсіпкерлеріне алғысын білдірген өңір басшысы Ж.Түймебаев бұл форумның Елбасының кешегі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған міндеттерді орындаудағы негізгі алғышарттардың бірі екенін атап өтіп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Түркия Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналғанын айтып, бүгінгі екі жақты кездесудің жемісті боларына сенім білдірді.

null  

Айта кетейік, үш күн бойы  өтетін қазақ-түрік инвестициялық форумы аясында «ОҚО-ның инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы конференциядан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық жобаларының, тауар өндірушілерінің, даму институттарының және туристік жобаларының көрмесі, сонымен қатар, ОҚО-ның негізгі туристік бағыттары бойынша ақпараттық турлар өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар