Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл қорытындылары шығарылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдық қорытындылары шығарылды.

Мерекелік шара облыстық тарих-өлкетану мұражайында өтті. Онда этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушылар, ЖОО-ның студенттері жиналды. Олардың барлығы өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Кездесудің басты себебі - көп жұмыс атқарылған жыл қорытындыларын талқылау. Жиналғандар ақпанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 игі іс» республикалық эстафетасының символына айналған тайқазан Шымкенттен Астанаға жол тартқанын еске салды.

Бұдан басқа, шараның аясында мереке қонақтары көпұлтты елде ұлттық-мәдени орталықтарды қалыптастыру мен дамыту тарихына көз жүгірте алды. Мұнда сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясын құрумен байланысты оқиғалар туралы білуге болады. Көрменің бөлімдері этно-мәдени орталықтардың ұлттық дәстүрлерді, рухани мәдениетті қалай әйгілендіріп отырғанын баяндайды. Барлығы 100-ден астам экспонат қойылды. Олардың арасында түрлі ұлыстардың фотосуреттері, құжаттары, баспа басылымдары, ұлттық киімдері және дәстүрлі тұрмыс заттары бар.

Соңғы жаңалықтар