Шымкентте қайырымды жандар көпбалалы отбасына үй алып берді

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкентте үйсіз-күйсіз жүрген көпбалалы отбасы баспаналы болды. Темір-терсек жинап, әпке-қарындастары мен анасын асырап жүрген 13 жастағы Ағабектің жанұясына қайырымды жандар жаңа үй алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін отбасыға көмек көрсеткен қайырымды жандар үйдің кілтін табыстап, қуаныштарымен ортақтасып қайтты. Қайырымды істің басы-қасында жүргендердің бірі Аягөз Бегалы бүгін үй алуға кімдер көмектескенін атап өтті.

«Жаңа үйге қатысты құжаттарды толық рәсімдеп біттік. Ағабекке бүкіл Шымкент қаласының тұрғындары, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, басқа да мемлекеттерден - Корея, Израиль, Өзбекстан, Германия, Ресейден, әлеуметтік желі арқылы 7 млн теңге жиналды. Осы іспен қарапайым Шымкент қаласының еріктілері айналысты», - дейді Аягөз Бегалықызы. null

«Пәтер жалдап тұрып жатқанымызға 13 жылдай болды. Күйеуім тастап кеткен. Содан бері қарасын көрсетпеді. Өзім алдымен тойханада істедім. Кейіннен ақша көбірек керек болғасын зауытқа ауыстым. Сол жерде екі бүйрегіме суық тиіп, жұмысқа жарамай қалдым. Қиналып кеткен соң, 13 жастағы ұлым менен тығылып жұмысқа шығатын болды. Кейіннен менен рұқсат сұрап, қорғасын зауыты маңында темір-терсек жинайтын болды. Күніне ас-ауқатымызға жетерлік ақша алып келеді. Сөйтіп жүргенде баламды біреулер көріп қалып, бізге көмек көрсететін азаматтар табылды. Мен ауруханаға кетсем, үйімізге азық-түлік алып келіпті. Сондай-ақ үй алып беретіндерін айтты. Енді міне жаңа баспанаға кіріп, қуанып жатырмыз. Жақсылықтары Алладан қайтсын»,- деді жеті баланың анасы Мұхаббат Баева.null

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Аягөз Бегалықызы 13 жасар Ағабек есімді баланың сабақтан тыс уақытта темір-терсек жинап, оны 1500 теңгеге өткізіп жүргенін жазған болатын. Жеткіншек осылайша мүгедек шешесі мен 4 қарындасын күнделікті асырап жүрген. Үйдің үлкені 18 жаста болса, ең кішісі екі жаста.

null null

Соңғы жаңалықтар