Шымкентте қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастар көп

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастар көбейіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Шымкент қаласындағы Жастар орталығының мамандары жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын бастап та кетті. Басты мақсат – жастарды мемлекеттік қолдау аясын түсіндіріп, neet санатындағы жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, әрі жұмыспен қамту.

Орталықтың бөлім басшысы Дінмұхаммед Қанатұлы жұмыссыз жүрген және тұрақты табысы жоқ жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіріп, жұмыспен қамту орталықтарына жолдап жатқандығын жеткізді.

«Жалпы, outreach және neet санатындағы жастарды біз үш топқа бөліп қараймыз. Бірінші топта жұмыс істеуге және оқып, жетілуге ниетті жастар санаты кіреді. Бұл топтағы жастарды өтпелі кезеңдегі neet санаты деп те атауға болады. Екінші топта жұмыс істеп, оқу оқуға мүмкіндігі немесе қаржылық жағдайының болмауымен байланыстырады. Ал үшінші топтың жастары мүлдем білім алып, жұмыс істеуге талпынбайтын жастарды құрайды. Осындай жастарға жігер беріп, жұмыспен қамту мақсатында біздің бөлімнің мамандары қаладағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы кездесулер ұйымдастыруда, - деді Дінмұхаммед Қанатұлы.

Шымкентте өткен жылы пробациялық есепте тұрған 500-ден астам жас пен outreach, neet санатындағы жастарға арнайы кездесулер ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 200-ге жуық жас жұмыспен қамтылыпты.

Ал, Абай аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Амангелді Темірбаев «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастардың көп екендігін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар