Шымкентте құйынды желдің салдары жойылуда
2018 жылғы 28 мамыр 15:53

Шымкентте құйынды желдің салдары жойылуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытып, қатты жел тұрды. Салдарынан нысандардың шатыры ұшып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл күні Шымкентте түнде екпіні 19 м/с болатын қатты жел тұрып, ауаның ылғалдығы 10 мм жеткен. Облыстың солтүстігіндегі Созақ ауданында желдің екпіні 25 м/с болды», - дейді ауа райын болжаушы мамандар.

Қатты дауыл салдарынан бірнеше ағаш сынып кетті. Дегенмен электр желілері мен үйлердің шатырына құламаған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қатты желдің келтірген зардаптарын қазір қаланың коммуналдық қызметі қалпына келтіруде.

Ал, Отырар ауданында ауа райының жауын-шашынды әрі желдің қатты болуынан екі нысанның шатыры ұшып кетті.

«Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінде мектеп пен мемлекеттік мекеме гаражының шатырын жел ұшырып әкетті. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Бүгіні облыс орталығы мен қала-аудандарда ауа райы жылынып, күн шығып тұр.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT