Шымкентте қатты желден ағаш газ құбырына құлап, тұрғындар көгілдір отынсыз қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қатты желден ағаш газ құбырына құлап, тұрғындар көгілдір отынсыз қалды. Газ беруші мекеменің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан 142 үй құбырдан ажыратылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Келеңсіз жағдай түнгі он екілер шамасында болған. Сасбұқаев көшесіндегі ағаштардың бірі қатты желге шыдас бермеген. Құлаған ағаш  тұрғын үйлерге тартылған 25 мм құбырды бұзып, негізгі 32 мм құбырдан ажыратып жіберген. Оқиға орнына жеткен мамандар дереу құбырдан  газ тараудың алдын алды. Енді жөндеу жұмыстарын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 3 қызметкері жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар