Шымкентте қатаң карантиннен кейін 5 мыңға жуық азамат куәліктерін жаңартқан
Оған сәйкес, Шымкентте төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін 5 мыңға жуық азамат жеке куәліктерін жаңартқан.
Ал Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 20 мыңнан аса автокөлік қайта тіркеуден өткізілген,
Мамыр айында ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де көп күткені белгілі болды. Азаматтар жылжымайтын мүліктерін мемлекеттік тіркеубойынша 2 мыңнан астам рет жүгінген.
Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алғысы және ауыстырғысы келетіндерге қатысты 6 мыңға жуық құжат рәсімделген.
Қатаң карантиннен кейінгі сұранысқа ие болған бесінші қызмет түріне әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі жатқызылып отыр. Яғни, 5 мыңнан аса әйелге жүктілігі және босануына байланысты берілетін төлемдер тағайындалған.
Осылайша, шымкенттіктерге 44 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Бүгінде ХҚО-ларда вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін азаматтар кезекті egov.kz порталы арқылы алдын ала брондап жатыр.