+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Шымкентте кәсіпкерлікке заңсыз араласқан 13 лауазымды тұлға қылмыстық  жауапкершілікке тартылды

2021 жылғы 27 ақпан 20:37
Бөлісіңіз:
Шымкентте кәсіпкерлікке заңсыз араласқан 13 лауазымды тұлға қылмыстық  жауапкершілікке тартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің ұйымдастыруымен «Бизнесті қорғау - өзара іс-қимыл, даму, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұйғыр аудандық сотының судьясы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді Спорт істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жолданды Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға 2 жылда 58,9 млн теңге төленген

Шараға Департамент басшылығы мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы М.Сейтжанов пен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков қатысты.

Жиында бизнесті қорғау мен оған қолайлы инвестициялық жағдай жасау, аталған саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру мәселелері сөз болды. Жергілікті кәсіпкерлер қатысқан жиында Департамент басшысы Асхат Жұмағали бизнеске қолайлы жағдай жасау және оның дамуы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Департамент басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттікпен «Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы іске асырылуда.

«Аталған жоба Департамент тарапынан да жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 78 млрд теңгеге жуық 45 жобаға қолдау көрсетілуде», - деді Асхат Жұмағали.

Жалпы алғанда, өткен жылы бизнесті қорғау шаралары аясында департаментпен 30-дан аса кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 13 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бизнесті қорғау мәселелері еркін форматта талқыланған жиында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау мақсатында квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру жайы қамтылды. ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелер талқыланып, бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жиын соңында «Нұр-kz», «Бумпром», «Экофарм Интернейшнл», «Green Cross Eco» ЖШС-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімшартқа қол қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT