Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңадан кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы ашылды. «Бизнеске арналған үкіметтің» орталығының ашылуына қалалық Кәсіпкерлер палатасы мен «SHYMKENT» ӘКК» АҚ бірлесіп атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа орталық қызметінің таныстырылымына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев пен «SHYMKENT» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен қаржы институттарының, инвестициялық компаниялардың және қала кәсіпкерлерінің өкілдері қатысты.

«Бизнеске арналған үкімет» жобасы «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытуға ықпал етпек. Мұнда қалалық Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері мен «SHYMKENT» ӘКК» АҚ, «Даму» қоры АҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚКО) және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызмет көрсетеді.

«Орталықта кәсіпкерлерге барлық қажетті кеңестер мен өз жобаларын сүйемелдеуде қолдау көрсетіледі. Ең бастысы - бәрі ашық және қолжетімді. Палатаның, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының өкілдері қызметтердің толық спектрін көрсетеді.Енді бизнеске мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Ұсынылатын қызметтер онлайн режімде де қолжетімді», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Орталықты таныстыру барысында қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев «Бизнеске арналған Үкіметтің» қолжетімді 6 мамандандырылған қызмет аймағының функцияларын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Орталықта қалалық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, Туризм және сыртқы байланыстар, Жер қатынастары, Ауыл шаруашылығы және ветеринария, Сәулет және қала құрылысы басқармалары мен МСҚБ өкілдері қызметк көрсетеді. Кәсіпкерлерге шығарылатын тауарды жылжытуда көмек көрсету, бизнес үшін маркетинг қызметі, бухгалтерлік сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алу бойынша кеңес беру, CT KZ сертификаттарын беру ұсынылады.

Қаржыландыру аймағында - қаржы ұйымдары мен даму институттарының, ӨКП КҚКО жобаларын сүйемелдеу бойынша бизнесті сервистік қолдаудың менеджер-консультанттары, ЕДБ өкілдері, «ДАМУ» Қорының қызметкерлері көрсететін қызметтері ұсынылған», - дейді Нұрлан Қабыштаев.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП «Бизнеске арналған үкімет» жобасын еліміздің барлық аймақтарында мультипликациялауды бастады. Бүгінде мұндай орталықтар Алматы облысы мен Маңғыстауда жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар