Шымкентте кәсіпкерлердің мәселелері басты назарда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлердің мәселелері оң шешімін тауып, инвесторлардың құқықтары қорғалуда.
Бұл туралы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында өткен баспасөз туры барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған жоба аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған «Tumar Textile» ЖШС-ның жұмысы таныстырылды.
Компания өкілі М.Әлімбековтың айтуынша, олар құзырлы органдар тарапынан өтінішті қарау барысында әкімшілік кедергілерге тап болған. Алайда Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің араласуымен өтініш заңға сәйкес оң шешімін тапқан. Кәсіпкер аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізеді және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама екенін айтады. Қазіргі таңда аталған департамент тарапынан жалпы сомасы 53 млрд теңгеден асатын 20 инвестициялық келісімге қол қойылған.
«Инвесторлар үшін жаңа бизнес идеяларын іске асыруға кедергі жасайтын мәселелер әлі де жоқ емес. Осыған байланысты агенттікпен бірлесіп атқарылатын жоба жұмыстары қарқынды дамуда. Компанияны сүйемелдеу үшін адал бизнес жүргізуге міндеттелетін келісімге қол қою жеткілікті. Сондай-ақ, біз қолжетімді және ашық екендігімізді тағы да атап өткім келеді», - дейді департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Әбдінәбиұлы.
Айта кетейік, бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету – Агенттік жұмысының басым бағыттарының бірі саналады. «Protecting business and investment» жобасы нәтижесінде кәсіпкерлерге қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырылып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімі нығайып келеді.
- БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинағы 12,9 триллион теңгеден асты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды
- Қазақстанның Даму банкі квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтпақ
- Ұлттық банк 2021-2022 жылдарға арналған зерттеу бағдарламасын әзірледі
-
Қазақстанға ең көп инвестиция салған 10 мемлекет - зерттеу
-
Доллар бағамы көтерілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам