Шымкентте қасиетті рамазан айында 90 отбасыға тегін азық-түлік таратылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қасиетті рамазан айында «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық бас мешітінде 90 отбасыға азық-түлік таратылып, қаржылай көмек берілді. Қайырымдылық шарасы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет» қоры және Кувейт мемлекетінің «Дүниежүзілік қайырымдылық қоры» Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың басын қосқан шарада Кувейттің «Дүниежүзілік қайырымдылық қорының» Қазақстандағы өкілі, доктор Ясир Мухаммад Али мырза мен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіз білдірді. null

Олардың сөзінше, қала бойынша 5500-ден астам жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Сол азаматтарға бір ай бойы кезегімен қайырымдылық көмек көрсетілетін болады. Соның алғашқы бастамасы ретінде 90 отбасыға құрма, ет, ұн сынды ең қажетті тегін азық-түлік берілді.

null null null

Соңғы жаңалықтар