Шымкентте карантиндік шектеу шаралары 25 қаңтарға дейін ұзартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі карантиндік шектеу шаралары тағы да ұзартылды. Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, карантин және шектеу шаралары 25 қаңтарға дейін жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысын қалыпты режимде ұйымдастыру, қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес жағдайда ұйымдастыруға рұқсат берілген.

Ал, қала тұрғындарына және қонақтарына кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынып, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелген. Шектеу шаралының талаптарына сай азаматтардың жұмыс уақыты барынша қысқартылып, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Сауда орталықтары мен дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу жалғасатын болады.

Халыққа түрлі қызмет көрсететін орталықтардың жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіліп, базарлардың жұмыс істеу уақыты демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі. Ал, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болды. Қоғамдық тамақтану орындарында бұрынғысынша банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынды. Кезекші топтарды (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылмақ. Қаулыда сондай-ақ, ашық аспан астынлда болмаса аттракциондардың жұмысы да тоқтатылған.

Цирк пен көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалардың ойын алаңдары және жабық бөлмелердегі аттракциондар, батуттар және тағы басқалар), букмекерлік конторларының жұмысына тыйым салынған. Кинотеатрлар жұмыс , демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен келушілерді қабылдай алмақ.

Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріліп отыр. 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптар мен оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етілді. Десе де пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқыту талап етілген. Карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, кәсіпекерлік нысандарына тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолданылмақ.


Соңғы жаңалықтар