Шымкентте карантин талаптарын бұзған кафе анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте карантин талаптарын бұзған кафе анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық Полиция бөлімінің мобильді тобы кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзғанын анықтады.

Коронавирус инфекциясының алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, бірқатар мекеме карантин шектеуін жүйелі түрде бұзып келеді.

«15 мамырда, түнгі уақытта Еңбекші ауданында орналасқан «Фишер» кафесі карантин талаптарына бағынбай жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. Кафенің кіші залында 20 келуші ара қашықты сақтамай жиын өткізгені белгілі болды.

Осы анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, кафе әкімшісінен түсініктеме алынды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар