Шымкентте карантин шектеулері жеңілдеді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің карантин шектеулерін жеңілдету туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындарына мен қонақтары медициналық ұйымдарда, үй карантиніндегі талаптарды сақтау барысында, пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерге және басқа нысандарға барғанда бетперде киюі керек.

Аялдамаларда және қоғамдық көліктерде адамдарды шоғырландырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтіліп, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылуы тиіс.

2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқыту ҚР БМСД №36 және ҚР БМСД №18 қаулыларына сәйкес қамтамасыз етілуі керек.

ҚР БМСД №14 қаулысына сай, объектілерде «Ashyq» жобасын пайдалану қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалар жоспарлы түрде үнемі тазартылып, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылуы қажет. Сондай-ақ, қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілуі міндетті.




Соңғы жаңалықтар