+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Шымкентте карантин шаралары 12 қазанға дейін ұзартылады

2020 жылғы 25 қыркүйек 13:34
Бөлісіңіз:
Шымкентте карантин шаралары 12 қазанға дейін ұзартылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қала аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы №39 қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 00-00-ден бастап 2020 жылғы 12 қазан күні сағат 00-00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылады. Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу,туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі. Қалада жүріп-тұру кезінде маска кию бойынша міндетті талаптар, адамдар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.

Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі. Жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топқа ғана рұқсат беріледі.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемге өту арқылы танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT