Шымкентте карантин режимі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің карантин режимінің мерзімін ұзарту туралы жаңа қаулысы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», -деп жазылған құжатта.

Қаулы талаптары бойынша Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маска режимін сақтау міндеттеледі. Құжат бойынша әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы мына өлшемдер негізінде реттеледі.

Қаулы 2 шілдеден бастап күшіне енеді.

Объектілер/салалар

Жұмыс тәртібі

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі

1.

Өнеркәсіп

Қалыпты режимде

-

2.

Коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі

Қалыпты режимде

-

3.

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері

Қалыпты режимде

-

4.

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

Қалыпты режимде

-

5.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қалыпты режимде

-

6.

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.)

Қалыпты режимде

-

7.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

Қалыпты режимде

-

8.

Гүл дүкендері, фотосалондар

Қалыпты режимде

-

9.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

Қалыпты режимде

-

10.

Музейлер, кітапханалар

Қалыпты режимде

-

11.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

Қалыпты режимде,

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде,

алдын ала жазылу бойынша

-

12.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

Қалыпты режимде

-

13.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

Қалыпты режимде

-

14.

Супермаркеттер, гипермаркеттер

Қалыпты режимде

-

15.

Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

Қалыпты режимде

-

16.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер

Қалыпты режимде

-

17.

Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес),

Қалыпты режимде

-

18.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).

Қалыпты режимде

-

19.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

Қалыпты режимде,

алдын ала жазылу бойынша.

-

20.

Қоғамдық көлік

Қалыпты режимде

(бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша)

-

21.

Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері

Қалыпты режимде

-

22.

Мектепке дейінгі мекемелер

Қалыпты режимде, кезекші топтар 25 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

-

23.

Ұйымдар, офистер

Қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген Ұйымдар, офистерді қоспағанда,

50 -қашықтықтан,

5 0 -күндізгі режим де, бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі

-

24.

Діни объектілер

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей қалыпты режимде.

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асыруға рұқсат.

-

25.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Уақыты сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін

Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

26.

Жазғы алаңдар

Уақыты сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін

Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

27.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

Қалыпты режимде

-

28.

Піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындарды қоса алғанда, Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек), жеткізумен және әкетуге жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерімен фудкорттар

Әкету мен жеткізу қалыпты режимде. Фудкорттар тек әкетумен және жеткізумен жұмыс жасайды

«Ashyq» жобасына қатысатын Фудкорттарға толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10:00-нан 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

29.

Моншалар

Қалыпты режимде

-

30.

Сауналар

Қалыпты режимде, жексенбі күні жұмысын тоқтатумен

Қалыпты режимде

31.

СПА-орталықтар, бассейндер

Қалыпты режимде

Қалыпты режимде

32.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

Қалыпты режимде

-

33.

Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

Қалыпты режимде

Қалыпты режимде

34.

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

Қалыпты режимде

-

35.

Мәдениет объектілері (дайындық)

30 адамға дейін

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдардың қатысуына рұқсат етіледі

36.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

Толтырылуы 20%-дан асырмай

Толтырылуы 40%-дан асырмай

37.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес

38.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес

39.

Бильярд

Тыйым салу

Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 50%-дан артық емес

40.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

Тыйым салу

Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 50%-дан артық емес.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

41.

Букмекерлік конторларының, оның ішінде онлайн режимінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лотерея ұтыс ойынын жүргізуге

Тыйым салу

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындарға бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуге руқсат

42.

Боулинг

Тыйым салу

Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 50%-дан артық емес

43.

Цирктер

Тыйым салу

Толтырылуы 40%-дан асырмай

44.

Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар)

Тыйым салу

Алаңы 1000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай.

Алаңы 1000 ш.м-ден жоғары бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай руқсат

45.

Ашық ауадағы аттракциондар

Қалыпты режимде

-

46.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

Қалыпты режимде,

толтырылуы 50%-дан артық емес

-

47.

Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңшаларды) ұйымдастыруға

Тыйым салу

-

48.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

Толтырылуы 15%-дан артық емес

Толтырылуы 30%-дан артық емес

49.

Ас беру (еске алу)

Тыйым салу

-

50.

Банкет залдары

Тыйым салу

Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін, бір адамға кемінде 4 ш.м. шектеумен ас беруді өткізу үшін толтырылуы 30%, бірақ 50 адамнан асырмай, мейрамханалар және дәмхана типі бойынша толтырылуы 50%, бірақ 60 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат

51.

Түнгі және ойын клубтары

Тыйым салу

-

52.

Караоке

Тыйым салу

Толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

53.

Зоосаябақ

Қалыпты режимде

-

54.

Аквасаяжайлар, жағажайлар

Қалыпты режимде

-

55.

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

Тыйым салу

-

56.

Көрмелер

Тыйым салу

Толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м.кем емес алаңмен қамтамасыз етілген , бірақ бір уақытта 200 келушілерден аспайтын

57.

Марафондар (ашық ауада)

Тыйым салу

50 адамнан артық емес


Соңғы жаңалықтар