Шымкентте карантин режимі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Карантин режимі аясында Шымкентте барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.

Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді.

Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.

Шымкентте вирусты жұқтырғандардың жалпы саны бүгінде 11 адамды құрайды.


Соңғы жаңалықтар