+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды

2021 жылғы 19 қаңтар 19:54
Бөлісіңіз:
Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған мектеп директоры сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында №34 мектептің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Атап айтқанда, бірнеше рет сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен және талан-таражға салған. Сондай-ақ, алаяқтық жолмен мұғалімдердің қосымша айлығын өзіне иемденген.

Тіпті аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратып келгені дәлелденген.

Десе де, тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Үкім оқылғаннан кейін ол сот залында қамауға алынды.

«Бұл қылмыстың барлығы карантин кезінде орын алған. 2020 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында. Яғни ол мұғалімдерді ақысыз еңбек демалысына шығармас үшін, жұмыста қалдыру үшін олардан пара талап еткен. Параны қорқытып алып отырған. Сот жаза тағайындау барысында айыпталушы Қалтаеваның жасаған қылмысының ауырлығын сезінбегенін, өз кінәсін мойындамағанын, іс бойынша ауырлататын мән-жайдың бар екенін, ал жеңілдететін мән-жайдың жоқ екенін ескерді. Оның тарапынан сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрде орын алғанын ескере отырып, тек қана бас бостандығынан айырғанда ғана бұл жаза мақсатына жетеді деген қорытындыға келдік. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді»,- деді үкімді оқыған судья Аинель Орақбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT