Шымкентте қарамағындағылардан бір жыл бойы пара алған майор ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 сәуірде қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағылардан 178 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін Шымкент полиция майоры Қайрат Әлімханов ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Күдікті өз қызметкерлерінен жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алып отырғаны қосымша анықталды. Сондай-ақ Қ. Әлімхановтың заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алған. Осы фактілер бойынша оған қатысты сот күзетпен ұстау шарасын қабылдады», - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.



Соңғы жаңалықтар