Шымкентте қар жауып жатқанда асфальт төселді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қар жауып жатқанда асфальт төселді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Шымкент көшелерінде қар жауып тұрғанда асфальт төсеу жұмыстарының жүріп жатқанын көруге болады.

«Бізде Шымкентте қар жауып жатыр. Бұл Рысқұлов пен Дулати көшесінің қиылысы» - дейді видео авторы.

Instagram-ға орналастырылған видеоға оқырмандар да түрлі пікір жазып жатыр. Олардың арасында «Осыны қабылдап алатын мекемелердіңде сазайын беру керек», «Бұл жолдың сапасы құриды», «Жазда не істеген, асфальт төсемей? Енді не болады бұл, асфальт? Көктемде күн жылынғанда, шашылып қалады ғой. Қайран, қар болып еріп кеткен, халықтың ақшасын-ай. Сұрауы жоқ қой» деген комментарийлер бар.

Ал, аталған мәселеге жауап берген Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары жол жөндеу жұмыстары толығымен бақылауда екендігін жеткізді.

«Бәйдібек би даңғылында жол жабынын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тегістеу қабатын төсеу жұмыстары күндізгі уақытта басталып, сағат 18:00-ге дейін аяқталды. Одан әрі асфальтбетонды жол роликтерімен жүріп өту жұмыстары жүргізілді»- делінген жазбада.

Сондай-ақ, асфальтбетон қоспаларының нормативтік температурасын сақтай отырып жүргізілгендігін айтқан басқарма мамандары алдағы уақытта төселген асфальтбетонның тығыздығына зертханалық сынақтар жүргізілетіндігін жеткізді.


Фото: vl.ru
Соңғы жаңалықтар