Шымкентте қалалықтардың көліктерін ұрлаумен айналысқандар ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында көліктерді айдап әкетуде күдікті деп танылған үш азамат ұсталды.

Полицияда бірнеше айдың ішінде көліктері айдап әкетілген жиырма адам өтініш жазғанын хабарлады. Олардың бірі көлігінің ауласынан айдалып әкеткенін айтты.

Бағасы 1 млн тұратын «Мерседес-бенц» көлігі «Ұстау» операциясының нәтижесінде табылды. Қаскөйлер оны қала көшелерінің бірінде қалдырып кеткен. Тергеу кезінде полицейлер үш күдіктіні ұстады, олардың бірі бұған дейін көліктерді айдап әкеткені үшін жауапқа тартылған, тағы біреуі 18 жасқа енді толды. «18 жасар азамат олар көліктерді ұрлауда бір ғана жүйені қолданғандарын мойындады. Ақысыз көлік тұрақтары мен аулалардағы қараусыз әрі дабылсыз қалған көліктерді таңдап, қолдағы бар заттарымен есіктерін ашып, айдап әкетіп жүрген. Жас азаматтар көліктерді қалада түнде мініп, содан кейін тастап кетіп отырған», - дейді ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ полицейлер жас азаматтың 10 пәтер тонау оқиғасына қатысы бар екенін анықтады. Ол үйлердің пластик терезелерін ашып, бағалы заттарды тонап, кейін ұрлағандарын сатып жіберіп отырған. Қазіргі кезде қаскүнемдер келтірген шығынның жалпы сомасы анықталуда. Олардың бірі қамауға алынды, екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ұсталып отыр. Аталған фактілер бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар