Шымкентте қалалық соттың жаңа төрағасы таныстырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте  қалалық соттың жаңа төрағасы тағайындалды. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жаңа төраға Ербол Рахымбековты сот ұжымына таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот ғимаратындағы өткен кеңеске Шымкент қаласының әкімі мен судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Абай Рахметулин Ербол Рахымбековтың сот жүйесінде ұзақ жылғы еңбек өтіліне тоқтала келе, оның еңбекқорлығын және кәсіби біліктілігін айрықша атап өтті.

«Ербол Мұқажанұлы, өзінің сот саласындағы басшылық қызметтегі мол тәжірибесін пайдаланып, еліміздің сот жүйесін дамытуға бар күш-жігерін салып, Мемлекет басшысының үлкен сенімін ақтайды», - деді Абай Рахметулин.

Кеңес барысында Абай Жамбылұлы  Шымкент қалалық сотына жаңадан тағайындалған қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Пәрменов пен  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазиндерді де таныстырды.

Соңғы жаңалықтар