+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Шымкентте қала күніне орай алғашқы муниципалды автобус паркі ашылды

2019 жылғы 19 маусым 14:49
Бөлісіңіз:
Шымкентте қала күніне орай алғашқы муниципалды автобус паркі ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қала күніне қарай алғашқы муниципалды автобус паркі ашылды. Бұл елдегі теңдесі жоқ жоба болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысып, паркті аралап көрді. Мұнда жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметі, парк қызметкерлердің жатақханасы, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Барлық талаптарға жауап беретін заманауи жаңа автобус паркімен танысқан қала басшысы бұл жобаның қоғамдық көліктердің кедергісіз және сапалы жұмысын қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Біз тұрғындарға берген уәдемізді орындадық. 300 автобус келді. Қоғамдық көлік - қаладағы ең өзекті мәселелердің бірі. Жыл соңына дейін 700 автобус келеді. Сол кезде қоғамдық көлікпен байланысты мәселе шешіледі. Жалпы, қалада қоғамдық көлік саласын реформалау басталды», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

null

Айта кетейік, жобаның операторы болып «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ анықталып отыр. Ал, әріптестері ретінде «БРК-Лизинг» АҚ мен «СарыарқаАвтоПром» АҚ белгіленген. Жалпы құны 31 млрд теңге болатын жобаның 20% жергілікті бюджеттен төленсе, 80% «БРК-Лизинг» АҚ есебінен қаржыландырылған. Сондай-ақ, жоба аясында жол ақысын төлеудің «Оңай» электрондық жүйесін орнату жоспарлануда.

null

Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк жыл соңына дейін жаңа 1000 автобуспен толықтырлады. Бүгінгі күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілсе, қалған 140 автобус шілде айында жеткізілетін болады. Қазақстанда құрастырылған жаңа автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған.

null

Автобустың жалпы сыйымдылығы 56 адам, ұзындығы 8,5 метрді құрайды. Аталған парктен қала күніне орай 138, 153 бағыттағы автобустар жолға шықты.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT