Шымкентте ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат – Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңадан басшы тағайындалды. Бұл қызметті Жанар Бектаева атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бектаева Жанар Әлібекқызы жоғары білімді, Қ.А.Яссауи атындағы университеттің «Саясаттану» факультетін, Алматы экономика және статистика академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қ.А.Яссауи атындағы университеттің «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2006-2016 жылдар аралығында ОҚО ішкі саясат департаменті бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, БАҚ мониторинг және ақпараттық саясат бөлімінің басшысы болып істеді, ОҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас инспекторы қызметін, Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болған.

2018 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар