Шымкентте ірі көлемде жалған еуро сатқан күдікті сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қалалық департаменті ірі көлемде жалған еуро сатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Азамат Б.Қорғанбаев жалған еуроны Өзбекстан Республикасында құнының 50% төлеп, сатып алған. Кейін оны түрлі жолдармен Қазақстанда сата бастаған.

«Аумақтық департамент қызметкерлері Шымкент қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін мамандардың клиенттерге 4000 еуро бергенін анықтады. Тергеу барысында Б.Қорғанбаевтың бұл қылмысқа қатысы бары дәлелденді», - делінген хабарламада.

Азамат Б.Қорғанбаев бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін сотталған.

Сондай-ақ, ол ақша алған таныстарына қарызын жалған еуромен қайтарып отырған.

Б.Қорғанбаев номиналы 500 еуро болатын 10 мың жалған еуроны заңсыз пайдаланған.

Ол осы қылмыстық әрекеті үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар