Шымкентте интернет-алаяқтардың төрт тобы ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Шымкентке барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Шымкент қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Ержан Сәденов Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін қалалық полиция қызметкерлері еліміздегі қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударуы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Шымкентте киберқылмысты ашудың оң үрдісі байқалады – жыл басынан бері полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан төрт қылмыстық топты ұстаған.

«Еліміздегі көптеген облыс тұрғындары алаяқтық құрбаны болды. Осыған байланысты Сәденов осы қылмыс түрінің алдын алу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруды, барлық жерде азаматтарға аса сақ болуды және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді түсіндіруді тапсырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары есірткі бизнесіне және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жұмыстарын, олардың алдын алуды күшейту қажет екенін айтты.

Шымкент қалалық ПД басшысы Қайрат Дәлбеков Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруда қалалық полицияның жеке құрамы тұрақты негізде жемісті жұмыс атқаратынына сендірді.


Соңғы жаңалықтар