Шымкентте International Education Fair білім көрмесі өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Азиядағы ең ірі International Education Fair білім көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрменің салтанатты ашылуына АҚШ-тың Колорадо шатытының Форт Коллинс қаласының мэрі Wade  O.  Troxell, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов  және Шымкент қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысады.

Жалпы көрмеге 40 елден келген 200-ге университет өкілдері қатысып отыр. Ал, арнайы Шымкент қаласында 96 жоғарғы оқу орнынан келген 150 шетелдік өкілдер білімге қатысып отыр.  Сонымен қатар бұл университеттердің ішінде 60% қазақстандық азаматтар үшін тегін тұратын орын мен стипендия беруге дайын. Кейбір жоғары оқу орындар бір жылдық тіл үйрену курстарынан өту мүмкіндіктерін береді.
null   

Көрме аясында білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, көрме қатысушылары үшін уәждемелік хаттарды және халықаралық тестілеулерді жазу бойынша тәжірибелік мастер-класстар өткізілетін болады.

Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Швейцария, Польша, Венгрия, Испания, Литва, Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. еуропалық стандарттары бойынша білім беретін жоғары оқу орындары қатысады.
null

Сондай-ақ, көрмеге жалпы тегін білім беретін Финляндия, Чехия, Германия, Франция елдерінің жоғары оқу орындары қатыспақ. Аталған елдерге тегін оқуға түсу үшін тек құжат жинап, конкурстық іріктеуден өту қажет, бұл жұмыста Халықаралық бағдарламалар орталығы талапкерлерге көмек көрсетуге дайын.
null 

Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан азаматтарының шетелде тегін білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және отандық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту. 
null null 

Соңғы жаңалықтар