Шымкентте инфрақұрылым жүйелері цифрландырылып жатыр

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент көшелеріндегі инфрақұрылым жүйелері цифрландырылып жатыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингіде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент көшелерінде геопортал жасалып жатыр, яғни жердің астындағы және үстіндегі инфрақұрылым жүйелері цифрландырылады. Бұл, ең алдымен, жөндеу жұмыстарын жүргізетін мекемер үшін тиімді болмақ. Сондай-ақ, жоба толықтай іске қосылғанда тұрғындар да жаңадан салған ғимараттарына инфрақұрылым жүйесін қиналмай тарта алатын болады.

«Геопортал болмағандықтан, көшелерді қазып, жөндеу жұмыстарын жүргізгенде кей жүйелер үзіліп кетіп жатады. Сондықтан, осы ауқымды жобаны жүзеге асыруда қолға алдық. Қазір бүкіл қаладағы жүйелерді лазермен түсіру жұмыстары аяқталып қалды. Мамыр айында толықтай бітіреміз. Электронды түрде жасалған порталды кез келген қала тұрғыны пайдалана алады. Онда қай жерде су жүйесі, газ құбыры, электр сымы өткендігі анық көрініп тұрады. Тіпті, құбырдың қандай материалдан жасалғаны, электр сымдарының қалыңдығына дейін көрсетіледі», - деді Мақсұт Исахов.


Соңғы жаңалықтар