Шымкентте индустриялық аймақта болған ірі өрт сөндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы «Ордабасы» индустриялық аймағында болған өрт сөндірілді»,-деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ  ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

 «Ордабасы» индустриялық аймағы аумағының жанып жатқаны жайлы хабар сағат 16:20-да түсті.  Өрт орнына 22 техника мен жеке құрамнан 85 адам жіберілді. Олар барған уақытта бұрынғы шина зауытының  4 қабатты әкімшілік ғимараты жанып жатқан. Өрттің жылдам таралуына жабынды қабатында резинаның болуы әсер еткен.

Жалын 5000 шаршы метрді шарпыған, ғимараттың басым бөлігі бос болған. 2000 шаршы метрін «РАМ» ЖШС ағаш және пластикалық терезе дайындау үшін жалға алған»,-деп хабарлады Р. Иманқұлов.

«Өрт туралы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет хабарлады. Тілсіз жау 06:34-те ауыздықталып, 07:50-де толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,-деп қосты Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар