Шымкентте иіс тию салдарынан 2 бала ажал құшты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ұл бала мен қыз бала иіс тию салдарынан қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұл бала 8, қыз 16 жаста болған. Қайғылы оқиға Шымкенттің 18-ші шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйде түнгі уақытта орын алған. Төтенше жағдай қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиғаның орын алуына газ жабдықтарын монтаждаудың техникалық талаптарының бұзылуы себеп болған. Бұл пәтердің иелері  лоджияға суды жылытқыш пен газ плитасын алып шыққан, ал түтіндікті лоджияға қабырға арқылы шығарған. Газ шаруашылығының апаттық қызметі газ кранын жауып, есептеу құрылғысына сүргі салған.  Төтенше жағдай және газ қызметкерлері түтіндіктер мен жабдықтарды барлық нормалар мен талаптарға сай жөндеу керек екенін ескертеді.  

Соңғы жаңалықтар