«Шымкентте ХҚО алдында ұзын-сонар кезек»: Видеоға түсінік берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы алдындағы ұзын-сонар кезек көрсетілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кадрдан таңертеңмен кезекке келген тұрғындардың көптігін көруге болады. Видео авторы – көлік иесі де түнгі сағат 1-де 46-шы болып кезек алғанын айтқан. Бұл жағдайға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы ресми түрде жауап берді.


«Әлеуметтік желілерде таратылған видео 2021 жылы түсірілген. Қазіргі кезде Достық ықшам ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-да қызметтер толық көлемде көрсетіліп жатқан жоқ. Себебі ғимаратта ішінара жөндеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мамандандырылған ХҚКО-да практикалық емтихан тапсыру және дайын құжаттарды алу сияқты қызметтер қолжетімді. Клиенттер көп жиналып жатқан жоқ», - делінген ресми хабарламада.



Осының алдында «Шымкентте базарлар жабылады» деген фейк-ақпарат тарады. Бұл Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметовтің 2021 жылы берген сұхбаты екендігі, видео шындыққа жанаспайты айтылды.

Айта кетейік, бүгін таңертең eGov.kz Telegram-каналында жүйеде техникалық ақау шығып, қазір мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жоқтығы хабарланды.


Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар